Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астананың жасыл аймақтары бұрынғыдан да көп боламақ. Биыл елордада миллиондаған жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызу жоспарлануда. Оның 500 000-ы қалада, 500 000-ы елорданың жасыл белдеуінде отырғызылады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елорданы дамыту мәселелеріне арналған жиында Мемлекет басшысы бес жылда Астананы бақ қалаға айналдыруды, көпжылдық өсімдіктерді көбірек отырғызуды тапсырды. Қалада көктемгі ағаш отырғызу және «Жасыл Астана» экологиялық айлығы басталды.
Мәселен, Абылай хан даңғылы, Қажымұқан көшесі, Петров көшесі, Бөлекпаев көшесі, А-105, Балталы, Алаш тас жолы және т.б. ағаш көшеттері отырғызылды.Ағаш отырғызу жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізіледі.
Соңғы бес жылда Астанада 2,6 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды.
фото: Астан әкімдігі