Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толады
Жаңалықтар

Биыл Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толады

04.06.2025
1 мин
0
89
Сурет: Aqorda

Президент биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің негізгі құжаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң еліміздің даму жолындағы басты тірекке айналған.

– Негізгі заң – қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттар жиынтығы. Конституцияның арқасында заң үстемдігі мен тәртіп қамтамасыз етіліп, ауқымды өзгерістер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әр азамат өз үлесін қосып келеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ел азаматтарын ортақ мақсат пен жасампаз реформаларға деген сенім біріктіретінін айтты. Оның пікірінше, ел бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының негізінде этностардың ынтымағы жатыр.

– Бізді көк паспортымыз, ортақ мақсат және реформалардың қуатты күші біріктіреді. Қазақта "Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір" деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында бірлікте, тату өмір сүріп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру жолындағы береке-бірлікті сақтау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғам осы ынтымақты сақтаса, кез келген биік мақсаттарға жетуге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл