Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 11 айдың қорытындысы бойынша 80,5 млн тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоспар 98 пайызға орындалған. Өндірістің төмендеуіне ірі кен орындарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары әсер еткен. Бұл туралы 17 желтоқсанда үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
- 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 80,5 млн тонна болды. Теңіз кен орнында 25,9 млн тонна, Қашағанда 15,8 млн тонна, ал Қарашығанақта 11,1 млн тонна мұнай өндірілді, – деді министр.
Сәтқалиевтің айтуынша, Теңіз кен орнында мамыр мен тамыз айларында 50 күн, ал Қашағанда 21 күн жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар өндірістің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар, Орынбор газ өңдеу зауытының газ қабылдауын шектеуі, Каспий құбыр консорциумының жоспарлы профилактикалық тоқтауы және Теңіз кен орнындағы екінші кезең зауытындағы жөндеу жұмыстары ықпал еткен.
- Осыған байланысты биыл мұнай өндіру көлемі 87,8 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда, – деді Сәтқалиев.
Мұнай өндіру көлемінің азаюы экспортқа да әсер етті. Министрдің мәліметінше, 11 айда 63,2 млн тонна мұнай экспортталған.
Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді: бюджеттің кірісінің 55-65 пайызы мұнайдан түседі. Өткен жылы Қазақстанда шамамен 90 млн тонна мұнай өндіріліп, оның 70 млн тоннасы шетелге экспортталған. Экспорттың 80 пайызы (56 млн тонна) Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданған.
Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы өндіріс Батыстың ірі мұнай компанияларының қатысуымен жүзеге асырылады.