Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жер үйде тұратын азаматтарға биыл 7 млн тоннадан астам көмір керек болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай болжам жасады.
Қазіргі кезде ел тұрғындарының 70 проценті көмірмен қамтылған. ШҚО, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда өңіріне, Алматыға көмірдің жылдық мөлшері толық жеткізілді. Елімізде 9 айдың қорытындысы бойынша 79 млн тонна көмір өндірілген.
Көмірдің бағасы әр өңірде әртүрлі. Қарағанды қаласында бір тонна көмір бағасы 7 500 теңгеден 11 000 теңгеге дейін жетеді. Өскеменде көмірдің тоннасы – 11 000 теңге болса, Павлодарда 12 500 теңге тұрады. Бас қалада көмір 300 теңгеге қымбат. Ал Ақтөбеде көмірдің бір тоннасы 13 000 теңгеден сатылады. Көкшетау тұрғындары отынды 13 400 теңгеден сатып алады. Қостанайда бір тонна көмір 15 000 теңге. Ең қымбат көмір Петропавлда. Тоннасы 17 500 теңгеге бағаланған.
Тағы көру