Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл көпбалалы отбасыларға 191,1 миллиард теңге бөлінбек
Жаңалықтар

Биыл көпбалалы отбасыларға 191,1 миллиард теңге бөлінбек

15.06.2020
1 мин
31
3592

Қазақстанда жыл басынан бері көпбалалы аналар мемлекеттен 93,9 миллиард теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Sputnik ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге бөлу көзделген.

"Қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың көпбалалы отбасыға 93,9 миллиард теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Мамыр айында 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 миллиард теңге жәрдемақы алды", - делінген министрліктің ресми сайтында.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы

Қазақстанда осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады.

Бұл жәрдемақы табысына қарамастан кәмелетке толмаған 4 және одан көп бірге тұратын немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасыларға беріледі.

Төлем мөлшері 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге дейін (7 бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде төленеді.

8 баласы бар отбасыларға – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға  – 177 792 теңге.

Қазақстан президенті кәмелетке толмаған 8 және одан көп баласы бар отбасыларға жаңа жәрдемақы бекітетін заңға 13 мамырда қол қойған еді. Бұған дейін олардың жәрдемақысы жеті баламен, яғни 77 мың теңгемен шектелген болатын.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар жанұяларға берілетін жәрдемақы мөлшері төлем тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
31 Пікір
Д
Динара 16.06.2020
Мен көпбалалымын. Жұмысым қалада мемлекеттік. Пропискам ауылда. Үй кезегіне қалай тұрсам болады. Бір біріне сәйкес келмейтін талап
Жауап беру
З
Зульфия 16.06.2020
Уақтында 10000тг.мәз едікқой.Көтергені күшті болды.Шүкір ету керек.Адамда қанағат болса бәріне жнтедіы
Жауап беру
Э
Эльмира 16.06.2020
Қанағат осыған да шүкір
Жауап беру
Р
Рета 15.06.2020
Что попало, тоже мне новость
Жауап беру
Б
Бану 15.06.2020
3 бала га да берилсе гои, неге осыны да есептемеиди. 8 баланы казир Ким туад оны туыпмуйле отырамзба, алдн жумыс жасап квартира га толеимизба. Уй алу да казир оте киын бир аилыкпен калай аламыз. Сизде осы типа халыктын адамы болп коринесиз, отирик сякты. Уйди осы жастарга ешкандай алдын ала толемсиз жан берсе, ай сайын толеп туруга шамамыз жетер еди, ен суракысы квартира да журген уншен казактар. Намыстанп олетин болдык, оз елимизде озбектин не болмаса орыстн уйн жалдап туруга.
Жауап беру
А
Аякоз 15.06.2020
Жыл басынан бері 1айга кем алып келе жатырмын Январь айы
Жауап беру
Ж
Жадыра 15.06.2020
5 баласы барлар ға қанша төленеді?
Жауап беру
Ф
Фариза 15.06.2020
4 баласы бар аналар канша тенге алады сонда шилде аиында?
Жауап беру
А
Айман 15.06.2020
2 балалыларга кандай комек бар, жалгыз бастымын, жалдамалы патерде турамын.
Жауап беру
А
Аягоз 15.06.2020
Сонда 5 баласы барлар қанша теңге алады, кәмелетке толмаған болса
Жауап беру
А
Арайлым 15.06.2020
Мен апрель айында 4и бопенди босандым многодетныйжын акшасына май айынын сонында тапсырган болатынын енди маган неше айга туседи екен кайдан карауга болады или кайда звандап сурауга болады
Жауап беру
J
Janibek 15.06.2020
Төрт баласы бірдей студент болу керекпе сонда 44532теңгені алу үшін?
Жауап беру
Ж
Жамила 15.06.2020
Аллага мында Бир шукир 4балам бар
Жауап беру
Д
ДИЛБАР 15.06.2020
Рахмат призидентимизга
Жауап беру
15.06.2020
Ия президенке рахмееееет!Менің 5-балам бар!ризамын!!!
Жауап беру
15.06.2020
Ия президенке рахмееееет!Менің 5-балам бар!ризамын!!!
Жауап беру
15.06.2020
Ия президенке рахмееееет!Менің 5-балам бар!ризамын!!!
Жауап беру
Р
Роза 15.06.2020
Токаев мырзага коп Рахмет,меним 4 балам бар Аллага шукир ,пасобияны кобеиткеннен бери бираз жаксарып калды жагдаиымыз
Жауап беру
А
Айгерім 15.06.2020
Бұған да шүкір
Жауап беру
Ш
ШЫНАР 15.06.2020
Аз көп бала болсын қазақтың санын көбейтің деп өздері дым көмек бермид бала багу оңай емес
Жауап беру
Г
Гулназ 15.06.2020
Мен 5 балалы анамын, каңтар айынан бери осы толем түрін алғалы жағдайымыз алде-кайда жеңілдеп калды.Онын алдында АСП отказ деп толенбеген.Сол кезде катты жүдеп кеткен едік.Рахметімді айтамын көп балалы отбасыға беріліп жаткан комектер ушін.
Жауап беру
15.06.2020
Ар балага 11000 оте аз, 16 баласы барларды айтпай - ак кояйын.
Жауап беру
15.06.2020
Ар балага 11000 оте аз, 16 баласы барларды айтпай - ак кояйын.
Жауап беру
С
Самал 15.06.2020
Билдей Казакстан атымыз бар шукир, мунай жер байлык толыр жатыр ,44м толеп отыргандары оте аз,бул тек жеке менин пикирим
Жауап беру
М
Мерует 15.06.2020
4 балага документ тапсыралмай жатрм туганымызга 2ай болды прописка узак боп кетти отыргызалмай жатрк алдынгы айдыкин жинап берема екен ?
Жауап беру
М
Малохат 15.06.2020
Осыганда шукыр !!!!
Жауап беру
А
Айгерим 15.06.2020
Дұрыс,осы жылдан бастап біздерге көп балалы аналарға көп көмек болды. Аллаға мыңда бір шүкір
Жауап беру
А
Айнаш 15.06.2020
Рахмет!
Жауап беру
М
Маржан 15.06.2020
Барлық балаға берилсе сол ақша
Жауап беру
Л
Лаура 15.06.2020
Жақсығой
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл