Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл Маңғыстау облысында ӘМАТ тауарының 8 түрі арзандады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Маңғыстау облысында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандаған. Бір жыл ішінде бірінші сорттағы бидай ұны 335 теңгеден 302 теңгеге (10%), қарақұмық жармасы 321 теңгеден 219 теңгеге (32%), күнбағыс майы 764 теңгеден 687 теңгеге (10%), сәбіз 256 теңгеден 223 теңгеге (12,9%), пияз 169 теңгеден 151 теңгеге (10,7%), қырыққабат 193 теңгеден 184 теңгеге (4,7%), күріш 478 теңгеден 472 теңгеге (1,3%), құмшекер 418 теңгеден 393 теңгеге (6%) арзандаған.
Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев облыста 340 сауда нысаны мен жергілікті әкімдік арасында ӘМАТ тауарларына қосатын сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға түсіру туралы меморандум жасалғанына тоқталды. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған шара.
Маңғыстау облысындағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру комиссиясының жыл басынан бері 53 отырысы өтті. Нәтижесінде 71 кәсіпкерлік субъектіге ҚР ӘҚБтК-нің 204-4 бабы ӘМАТ тауарларына 15% жоғары үстеме ақы қосқаны үшін ескерту берілсе, 9 кәсіпкерлік нысанға 166 140 теңге айыппұл толтырылды. Ал витринадағы баға мен кассалық чектегі бағы сәйкес келмегені үшін өңірде 21 бизнеске 1 303 276 теңге айыппұл салынды.