| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде газ инфрақұрылымын дамыту жалғасып жатыр. Биыл бірнеше өңірде жаңа жобалар жүзеге асып, мыңдаған тұрғын табиғи газға қол жеткізеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда халықты табиғи газбен қамту көрсеткіші кезең-кезеңімен өсіп келеді. Қазіргі уақытта шамамен 13 миллион азамат көгілдір отынды пайдалану мүмкіндігіне ие. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына қарай бұл үлес 64,3 пайызға жетпек.
Энергетика саласының деректеріне сүйенсек, осы жылы газдандыру бағытында 40-қа жуық жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 10 елді мекенде тұратын 32 мыңнан астам адам табиғи газға қосылады деп күтілуде.
Жобалар бірқатар өңірді қамтиды. Олардың қатарында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстары бар.
Бұдан бөлек, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін оның өткізу қабілеті жылына 10 миллиард текше метрге жететін бөлігін пайдалануға беру көзделіп отыр.