Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,8 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Осы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 413 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 131 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге.
Елімізде 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады.