Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биылғы 9 айда Қазақстанда 91 мың автокөлік шығарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль жасау саласының дамуы туралы баяндады.
Отандық автоөнеркәсіп бүгінде көлік құралдарын шығаратын сегіз кәсіпорыннан тұрады. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 91 мың бірлік автокөлік құралдары өндірілді, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс индексі 86,7%-ды құрады.
- Жалпы машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады, — деді Анар Мақашева.