Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Боччадан Қазақстан Республикасының Кубогі: инклюзия және спорттық жетістіктер
Спорт

Боччадан Қазақстан Республикасының Кубогі: инклюзия және спорттық жетістіктер

07.11.2024
1 мин
0
83
Сурет: cas24

Астанада 3-6 қараша аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасының бочча бойынша кубогі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл жарысқа еліміздің 14 өңірінен тірек-қимыл аппараты зақымданған 76 спортшы қатысты. Бұл шара Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, боччаның мүмкіндігі шектеулі жандар арасында танымал болуына ықпал етті.

Кубоктың мақсаты – тірек-қимыл аппараты зақымданған жандарды әлеуметтік бейімдеуге, қоғамға интеграциялауға және белсенді өмір салтын ұстануға ынталандыру. Жас ерекшелігіне қарамастан, жарысқа 11 жастан 60 жасқа дейінгі спортшылар қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Бұл боччаның инклюзивтілігі жоғары екенін айғақтайды.

Үш күн бойы параспортшылар жеке ойындарда өзара бақ сынасты. Ең көп қатысушы саны Астанадан – 15, Павлодардан – 10 және Алматыдан – 13 спортшы болды. Олардың 13-і спорт шебері атанып, жоғары деңгейдегі дайындық пен жетістікке ұмтылысын көрсетті. Биыл ВС4 және ВС3 санаттарында қатысушылардың саны айтарлықтай артты.

Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Бочча Федерациясының Президенті – Мәулен Әшімбаев, ERG компаниясы директорының орынбасары – Данияр Рахматуллаев, Haileybury Astana мектебінің директоры – Джон Коулз, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Бочча Федерациясының бірінші вице-президенті Айнұр Нұрхожаева, “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерик Мейрханов, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының деканы Жақсат Кенжин, MYD Production агенттігінің басшысы Руслан Мадинов және “Добряков клубының” жетекшісі Гүлмира Абдрашева қатысты.

Мәулен Әшімбаев қоғамда инклюзивтіліктің маңыздылығына назар аударып, барлығына тең мүмкіндіктер жасаудың табыстың басты кілті екенін атап өтті. Бочча секілді жарыстар инклюзивті мәдениетті дамытып, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға бірігуіне ықпал ететінін айтты. Бұл әділ әрі ашық қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

Сондай-ақ іс-шараға Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының еріктілерінің қатысуы оның маңызды бөлігіне айналды. Олар ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады. Мұндай әрекеттесу еріктілерде төзімділік, түсіністік, жауапкершілік және жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал етеді. Мұндай бастамалар инклюзивті әрі достық қоғам құруда маңызды рөл атқарады.

Бочча кубогі ҚР Туризм және спорт министрлігінің, “Самұрық-Қазына” АҚ, “Sport Qory” қорының, Haileybury Astana халықаралық мектебінің және басқа да серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл