| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа заң жобасы бойынша борышкер шетелде болса да алимент автоматты түрде өндіріледі. Бұл балалардың құқығын қорғауды күшейтіп, төлемнен жалтарудың жолын толығымен жояды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс алимент өндіру тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулерді қарастырды. Енді борышкер шетелде болса да, алимент автоматты түрде өндірілетін болады. Заң күшіне енсе, төлемдер ТМД елдерінде бірден жүзеге асып, борышкерлердің қашу мүмкіндігі айтарлықтай азаяды.
Бұрын шетелге шыққан ата-аналар үшін алимент алу күрделі бюрократиялық процедурамен жүргізілетін еді. Жаңа ережелер бекітілген жағдайда процесс жеңілдеп, уақыт үнемделеді.
Заң жобасының басты мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және балалардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау. Ата-аналық жауапкершілік күшейтіліп, балалар алимент алу құқығы сенімді түрде қорғалатын болады.
Бұл өте маңызды, себебі ТМД елдерінде жұмысқа байланысты көші-қон белсенді. Жаңа заң борышкерлердің алимент төлеуден жалтаруына жол бермей, балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.