Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ "Жалпыға ортақ еңбек қоғамын" дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке. Қазақстанда еңбек адамының беделін арттыру мақсатында "Еңбек ардагері" медалі мен "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары ерекшелік белгісі бекітілген.
Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдан бастап жыл сайын Еңбек күнін мерекелеуге және "Еңбек адамын" құрметтеуге орайластырылған "Еңбек жолы" республикалық конкурсын өткізіп келеді, мақсаты - еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау, жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.
Айта кетейік, министрлік Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, атап айтқанда, бұл: тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер.
- Биыл Еңбек күнін мерекелеудің негізгі миссиясы әрбір қазақстандық отбасы мен тұтастай мемлекеттің әл-ауқаты, сондай-ақ тұрақтылығының кепілі ретінде адал және асыл еңбек идеясын дамыту, – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Ведомство мәліметінше, еліміздегі жалпы еңбек өтілі 3,3 мың жылдан асатын үздік еңбек әулеттері бар.
Солардың бірі - Тукубаевтар әулеті. Аталмыш байқау аясында 2022 жылы бұл үлкен әулет марапатқа ие болған. Олардың жалпы еңбек өтілі 600 жылға жуық. Әулеттің негізін қалаушылар өткен ғасырдың 30-жылдарында теміржол саласында еңбек ете бастаған, олар Түркістан-Сібір магистралінің құрылысына қатысқан.
Өткен жылы тағы бір теміржолшылар әулеті – Амангелдиндер отбасы ерекше атап өтілді. 4 ұрпақ теміржолда жарты мың жылдан астам жұмыс тәжірибесін жинақтап, бірнеше рет түрлі кеңестік және қазақстандық наградалардың, ордендер мен медальдардың иегерлері атанды.
Жалпы, бұл байқау барысында әр жыл сайын түрлі саланың үздіктері, кәсіби дағдыларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан әулеттер марапатталады.