Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін – Халықаралық отбасы күні
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық отбасы күні

15.05.2025
1 мин
0
63
Сурет: atamuraweb.kz

1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 15 мамырды Халықаралық отбасы күні деп ресми түрде бекітті. Ал келесі жылдан бастап бұл күн әлемнің көптеген елдерінде атап өтіле бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл бастаманың мақсаты — қоғам назарын отбасының рөлін нығайтуға, оның маңызын арттыруға бағыттау.

Отбасы — адамзаттың ең алғашқы әрі ең қасиетті тірегі. Ол — сүйіспеншіліктің, сенім мен өзара құрметтің, ұлттық құндылықтар мен тәрбиенің бастауы. Бала үшін де, ата-ана үшін де отбасы – қауіпсіздік пен жылулықтың мекені.

Әрбір мемлекеттің дамуы, болашағы — мықты отбасылардың негізінде қаланады. Сондықтан да бұл күн қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың, ұрпақ сабақтастығы мен рухани байлықтың айнымас нышаны ретінде кеңінен аталып өтуде.

Осы атаулы күнде еліміздің әрбір шаңырағына тыныштық, береке, денсаулық пен татулық тілейміз.

Ата-аналарымыз аман, аналардың жүрегінде жылулық, балалардың жүзінде күлкі, отбасыларымызда баянды бақыт пен махаббат мәңгі жасасын!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл