Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін - кібісе күні. Сағат қалай ауысады?
Жаңалықтар

Бүгін - кібісе күні. Сағат қалай ауысады?

29.02.2024
1 мин
1
1408
Фото: k-artina.ru

Бүгін төрт жылда бір келетін кібісе күні. Ол кіріккен күн деген мағынаны білдіреді. Яғни басқа жылдарда 365 күн болса, кібісе жылында 366 күн бар.

Еске сала кетсек, Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5).

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.

ҚР Көлік министрлігі көршілес теміржол әкімшіліктерімен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қатысушы қызметтерімен бірлесіп жолаушылар поездарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Жолаушылар пойыздарының барлық өзгерістері ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қол жетімді.

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Ботаев Улжалгас 29.02.2024
Біз түсінбей жатырмыз мысалы, сағат кешкі 7 болса ертең 6 боладыма?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл