Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бурабай курорттық аймағында ақылды камералар орнатылады
Жаңалықтар

Бурабай курорттық аймағында ақылды камералар орнатылады

08.04.2025
1 мин
0
81
Сурет: Dauletten.kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2025 жылы Бурабай курорттық аймағында жедел басқару орталығымен біріктірілген 114 "ақылды" бейнебақылау камерасы орнатылатынын хабарлады. Бұл туристер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сондай-ақ ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында қосымша 7 антенна-діңгек құрылыстары орнатылды. Жазғы маусым басталғанға дейін оларға ұялы байланыс операторлары орналастырылатын болады.

Цифрлық қызметтерді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде "Burabay Travel" мобильді қосымшасы 80%-ға дайын, ол туристер үшін әмбебап көмекші болады.

Мобильді қосымша:

➤ Көрікті жерлер, маршруттар, демалыс және ойын-сауық орындары туралы ақпаратты;

➤ Әр түрлі қызметтерді брондау мүмкіндігін;

➤ Ыңғайлы төлем шешімдерін біріктіреді.

130-дан астам туристік бизнес нысандары платформада өз ұсыныстарын жариялады. Бурабайда туризмді ілгерілету  және экологиялық тұрғыда таза орынға айналдыру  шеңберінде жыл соңына дейін қоқыс сұрыптау кешенін салу жөніндегі жоба іске асырылатын болады, сондай-ақ "Фор Сизон" тұжырымдамасы бойынша 25 ірі халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл