Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.
Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.
— Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс, — деп атап өтті өңір әкімі.
Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты.