Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүйрегін сатпақ болған қазақстандық ұсталды
Жаңалықтар

Бүйрегін сатпақ болған қазақстандық ұсталды

01.08.2023
2 мин
0
513
Фото: kkck.ru

Оралда 33 жастағы тұрғын өзінің бүйрегін шетелде сатпақ болған. 

БҚО полиция департаментінен мәлім еткеніндей, ол отаны Кения Республикасында жасату бойынша мәміле жасасқан.

30 шілде күні ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы көліктегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, адам органын сату әрекетін тоқтатты.

Анықталғанындай, 1990 жылғы А. есімді азамат – Орал қаласының тұрғыны, отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшаның жетіспеушілігінен осындай қадамға бармақ болған.

Ол мамыр айында халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған бүйрек органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған Телеграм каналы арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 мың АҚШ долларын тұратын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен.

"Екі ай бойы 33 жастағы тұрғын медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Телеграм каналы арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кету керек, Қазақстанда адам органдарын сатуға тыйым салынады және трансплантация жасаудың жалғыз жолы — оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл