| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Базалық және ынтымақты зейнетақыға 4 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды, - деп забарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 2025 жылы зейнеткерлерге республикалық бюджеттен жалпы 4 трлн 225 млрд теңге төленді. Оның 1,37 трлн теңгесі базалық зейнетақыға, ал 2,86 трлн теңгесі ынтымақты зейнетақыға жұмсалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл қорытындысы бойынша 2 млн 491 мың зейнеткер бар. Орташа жинақталған зейнетақының мөлшері 143 143 теңгені құрайды, оның ішінде:
Ынтымақты зейнетақы: 95 549 теңге
Базалық зейнетақы: 47 594 теңге
Министрлік зейнетақы төлеу жүйесінің азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететінін және алдағы жылдары да тұрақты түрде жүзеге асатынын атап өтті.