Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
COVID-19-ға қарсы дәрі әлем бойынша алғаш рет Польшада шықты. Қазіргі кезде дәрі сынаққа жіберілді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Onet-ке сілтеме жасап.
Мамандар аталмыш препаратты коронавирустан емделіп шыққан адамның қан плазмасын қосу арқылы жасаған.
Ресми ақпарат бойынша, 23 қыркүйекте бұл перепараттарды өндіру жұмыстары аяқталды. Аnti-SARS-CoV-2 иммунды глобулиннің 3 000-нан астам ампуласы шығарылды. Енді дәрілерді сынақтан өткізбес бұрын, сапасы тексеріліп, арнайы тесттер жасалады. Алдын ала зерттеу жаңа препараттың тиімділігін растады.
Мамандардың айтуынша, дәрінің атауы жоқ. Халықтың ұсынысы бойынша жаңа дәріге атау беріледі.
"Біз бірінші болып COVID-19-ға қарсы препаратты шығардық. Дәрінің құрамында антиденелер бар. Олар SARS-CoV-2-ні жоя алады. Жаңа препарат коронавирустан жазылып шыққан поляк азаматтарының арқасында жасалды. Сондықтан поляктар оны бірінші болып алады және оның атауын ойлап табуға міндетті. Біз ұсыныстарды күтеміз", - деді Челей арнайы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан жазылып шыққан адамдардың қан плазмасымен емдеуді мақұлдаған болатын.