Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Cyber City хикаялары» комикстер кітабының 2-бөлімі жарыққа шықты
Жаңалықтар

«Cyber City хикаялары» комикстер кітабының 2-бөлімі жарыққа шықты

08.04.2024
1 мин
0
461

Қорқыт ата университетінің магистранты, облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері София Хайроллақызы балаларға арналған «Cyber City хикаялары» комикстер кітабының 2-бөлімін жарыққа шығарды. 

«Cyber ​​​​Qala хикаялары» комикс кітаптары - киберқауіпсіздік және кибербуллингтен қорғау туралы көбірек білгісі келетін балаларға және жастарға арналған пайдалы және қызықты кітап. 

Комикстер жеке деректерді қорғау, кибершабуылдардың алдын алу, кибербуллинг, кибермоббинг, банктік деректерді қорғау, интернетті және әлеуметтік медианы қауіпсіз пайдалану сияқты киберқауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Комикстер мақсатты аудиторияның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген, сондай-ақ киберқауіпсіздік бойынша білім берудің заманауи стандарттарына сәйкес келеді.

Комикстер сериясы SAFE CYBERSPACE жобасы аясында жасалды. Мақсаты – комикстер сериясын құру, бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған онлайн және әлеуметтік медиа қорғауға арналған сыныптан тыс оқу бағдарламасына арналған материалдарды әзірлеу. 

Жобаның негізгі бөлігі бастауыш сынып оқушыларына арналған киберқауіпсіздік бойынша комикс кітаптар топтамасының 1-ші және 2-ші бөлімі шығару болатын. Жоба Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен  2022 жылы Qyzylorda «Inno.Fest» инновациялық идеялар фестивалінде үздік деп танылды. 
Айта кету керек, Софияның комикс кітабы жақында Халықаралық Комикс байқауында жүлдегер болды. Ресей мен Франция мемлекеті бірлесе өткізілген  «Франко-российский конкурс комиксов 2023»  байқауында «Sans frontières» номинациясын иеленді.

Жоба жетекшілері: облыс әкімдігі жанындағы «Ақпараттық технологиялар орталығының директоры» Сәбит Ибадуллаұлы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл