Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Dauletten» қайырымдылық қоры 200 отбасыға Рамазан себеттерін таратты
Жаңалықтар

«Dauletten» қайырымдылық қоры 200 отбасыға Рамазан себеттерін таратты

08.04.2023
1 мин
0
642

Күні кеше Алматыда «Dauletten» қайырымдылық қоры 200 мұқтаж отбасыға азық-түлік берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Аталмыш шараның жүзеге асуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Абдулла мешіті және «Qazaqsapar» компаниясы қолдау көрсетті.

Айта кетсек, «Dauletten» қайырымдылық қоры Қасиетті Рамазан айында 5 отбасыға баспана, 1000 адамға ауызашар және 1000 отбасыға азық-түлік себетін таратуды қолға алды. Жуырда игі істер шарасын бастап, Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте 500 адамға ауызашар берді. Енді міне, жалғасын Алматы қаласындағы азық-түлік таратумен өткізді.

Бүгінде қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға 760 мың теңге көлемінде қаржылай көмек, 57 отбасыға баспана және 100-ге тарта оқушыға шәкіртақы берді. Алдағы уақыттағы жақсылық шараларына барша қайырымды оқырмандарды бірге атсалысуға  шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл