Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер еліміз бойынша 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды: республиканың басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады.
Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді.
«Қазгидромет» РМК
Ауа райын болжаушылардың айтуынша, тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді.
Бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
«Қазгидромет» РМК
Ауа температурасының негізгі аясы күндіз мынандай болады: батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте +40+45°С аптап ыстық.