Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев 42 500 теңгені тек төтенше жағдай кезінде емес, табысы төмен отбасыларға тұрақты түрде төлеп тұруды ұсынды.
"Біз азаматтарға шартсыз базалық кірістің көлемін төлеуіміз керек. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы да біздің елге ұсыныс тастаған. Себебі қазіргі жағдайда халықтың біраз бөлігі жұмыссыз қалады деген қауіп бар. Ал халыққа базалық кірістің мөлшері төленсе, ол ақша ешқайда кетпейді. Барлық қаржы ел экономикасында қалады. "Шартсыз базалық кіріс" деген ол – 42 500 теңге. Бірақ бұл жәрдемақыны еліміздің табысы төмен азаматтарына тұрақты түрде төлеу керек", - деді Әлтаев.
Оның айтуынша, халықтың табысы азайған жағдайда кедейшілікпен күресу қиынға соғады. Нәтижесінде, қылмыс саны артып, халықтың наразылығы күшейеді. Ал бюджет есебінен әлдеқайда артық шығын жұмсалады.
Депутат бұл ұсынысты 1-2 жылдай пилоттық жоба үлгісінде қолға алуға болады деген пікірде.
"Аталмыш төлемді бір-екі жылдай төлеуге болады. Кейін бұл бастаманың экономикаға ғана емес, халықтың көңіл-күйіне қалай әсер еткенін байқап көру керек", - деп атап өтті Әлтаев.
Тағы көру