Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Электронды темекіге тыйым салынады ма?
Жаңалықтар

Электронды темекіге тыйым салынады ма?

10.05.2023
1 мин
0
677

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында депутат Тау Нүргүл  жастар арасында «вейп» атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

 Депутаттық сауалды жолдауға «Respublica» партиясына ата-аналар қауымынан түскен өтініштері себеп болған.

«Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының айтуы бойынша электронды темекі құрамында никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар сияқты 30-дан астам улы зат бар. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді», - деді депутат.

Оның айтуынша, елімізде электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану жағдайы жоғары. Ол барлық сауда орындарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы қолжетімді бағада сатылады. Бағасы орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды.

«ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес никотинді тұтынудың электрондық құралдарының нарығы 2020 жылдан 2022 жылға дейін 292 есеге артты. Сонымен бірге, бұл өнімді әкелудің заңдылығы күмән туғызады. Барлығы аталған жылдар ішінде СЭҚ ТН 85434000000 «Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратурасы» кодымен жүргізілген 10 006 432 АҚШ доллары сомасына 2 954 182 дана электрондық темекі әкелінді. Бұл код акцизделмеген және бұл мемлекеттік бюджетке 3 млн данаға жуық өнімнен акциздік түсімдер түспегенін білдіреді»,- Нүргүл Тау.

Депутаттың айтуынша, электронды темекілер сырт пішінімен, хош иістермен балалар мен жастарды еліктіруде . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес 11 мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет болсын қолданып көрген.

Одан бөлек, электронды темекіге тәуелділік балалар мен жастарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейді. Осының салдарынан оқу орындарында оқушылар, студенттер арасында буллинг белең алуда. Тәуелділік құрбаны болған жастар көп жағдайда электрондық темекіге немесе басқа  мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмысқа барады.

«ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар 1735 қылмыс жасаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде ұрлық - 782 факт, алаяқтық - 166, тонау - 154, ұсақ ұрлық - 93, бұзақылық - 81. Сондай-ақ,  елімізде темекі кесірінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Себебі темекі адам өміріне қауіпті ауруларды қоздырады» - деді депутат Нүргүл Тау өзінің депутататық сауалында.

Партияға өтініш білдіруші ата-аналар құрамында никотині бар девайстардың таралуына және сатылуына түбегейлі қарсылық білдірген. Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салған,  олардың  қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Қатар және басқа да елдер бар.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл