| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат отырысында депутат Амангелді Есбай психологтар мен коучтардың қызметін заңмен бақылауға алу қажеттігін көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның сөзінше, соңғы уақытта дипломсыз психологтар мен псевдокоучтар көбейіп, қоғамға кері әсер етіп жатыр.
- Өзін психолог деп таныстырып, түрлі курстар өткізіп жүргендер отбасы құндылықтарына қарсы идеяларды насихаттап, халықты шатастырып жүр, – деді сенатор.
Қазір елде психологтар мен коучтардың нақты саны белгісіз, ал олардың табысы ресми есепке алынбайды.
Депутат бұл саланы реттеу үшін бірнеше ұсыныс айтты:
- психологтар мен коучинг қызметі туралы жеке заң қабылдау;
- тек кәсіби біліктілігі бар мамандарға “психолог”, “коуч” атауларын қолдануға рұқсат беру;
- ұлттық реестр құру;
- этиканы бұзған мамандарды жауапқа тартатын психологиялық омбудсмен институтын енгізу.
Есбайдың айтуынша, заңнамалық бақылау болмаған жағдайда бұл сала азаматтардың психикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.