Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті
Жаңалықтар

Депутат Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті

22.01.2025
1 мин
0
99

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстандағы ЛГБТ қозғалысымен күресу қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ол АҚШ-та жақында ер және әйел жынысын ғана мойындайтын заң қабылданғанын еске салды.

- Бұл АҚШ-та заң деңгейінде табиғи болмысқа қайшы кез келген көріністер мен қызметке, соның ішінде ЛГБТ-ға байланысты әрекеттерге тыйым салынғанын білдіреді. Бұған дейін Батысты өз қорғаушысы деп есептеген ЛГБТ қауымдастығы мен олардың жақтастары үшін бұл жаңалық шынайы соққы болды. Осы тұрғыда барлық ЛГБТ өкілдеріне "Дональд ағайдан ыстық сәлем" жолданды деп айтуға болады! – деп мәлімдеді Жаңбыршин өзінің депутаттық сауалында.

Мәжілісменнің пікірінше, АҚШ президентінің бұл шешімі Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының ЛГБТ-ға қатысты ұстанымымен үндеседі.

- Біз, депутаттар, Мәжіліске келген сәттен бастап, халқымыздың болашағын жоятын теріс үрдістермен белсенді түрде күресіп келеміз. Мен нақты білемін, үкіметке осы мәселеге қатысты бірнеше депутаттық сауал жолданған. Бұдан бөлек, ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобалары әзірленді. Алайда біздің бастамаларымызға кейбір шенеуніктер бейтарап қарады, Батыс елдері өкілдерінің "демократияға қысым көрсету" және "адам құқықтарын бұзу" туралы мәлімдемелеріне сілтеме жасады, – деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ЛГБТ-активистер мен олардың жақтастары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында депутаттар мен олардың отбасыларына ақпараттық шабуылдар ұйымдастырған.

- Соған қарамастан, біздің күресімізде жалғыз қалған жоқпыз. Саналы және белсенді азаматтар, сондай-ақ қоғамның өзі бізді қолдап, мемлекеттік платформада ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Бар болғаны екі аптада бұл петиция 50 мың қол жинады. Бұл нені көрсетті? Бұл халқымыздың ұлттық болмысына жат ЛГБТ идеологиясына ашық қарсылық бар екенін көрсетті. Өз кезегінде Парламент халық мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамалық нормалар арқылы жүзеге асыруы тиіс, – деп қорытындылады Жаңбыршин.

Осыған байланысты ол үкіметке аталған петицияда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыруды және ЛГБТ-ны барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде насихаттауға тыйым салатын заң жобаларын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, депутат Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуыл ұйымдастырған адамдарды анықтап, жауапқа тартуды талап етті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл