Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар құрылыс саласындағы отандық тауар өндіруші кәсіпкерлерді қолдауды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Болашақта 730 мыңнан астам отбасы үшін, қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспары бар. 30 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен азаматтар жаңа үй алуға тиіс. Партия бағдарламасына орай, жеке құрылыс компанияларын әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салуға ынталандыру жолдары қарастырылмақ. Жаңадан «Құрылыс» кодексі және «Риэлторлық қызмет туралы» заңдар қабылданатын болады. Көп жағдайда құрылысқа қажетті тауарды өндіруші компания, тиесілі қаржысын алу үшін, мердігердің құрылыс жобасын толық бітіруін күтуге мәжбүр. Бұл кейде жылдарға созылуы мүмкін. Нәтижесінде, құрылыс материалын шығаратын компания банк алдындағы берешегін өтегенше ұзақ, қосымша шығынға батады», – деді «Аманат» фракциясының депутаты.
фото: twitter.com