Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Депутат Мақсат Толықбай ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жөндеу жұмыстарын қажет ететінін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Атап айтатын болсақ, кесене қабырғалары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопсып, тұзы шығып жатыр. Тұз осы 2-3 жыл бұрын ғана пайда болды. Себебі, кейінгі жылдары мавзолейдің алдында көгалдандыру, жасанды абаттандыру жұмыстары жүрді. Ғимараттың ішіндегі ылғалдылықтың шектен тыс артуынан күмбездің бетіне қара дақтар пайда болған. Дымқылдан жарылған сылақтар көзге анық көрінеді. Қызметкерлер туристердің төбесінен сылақ түсіп жүрмесін деп, Тайқазанның аумағын қызыл лентамен қоршап қоюға мәжбүр. Ал, абаттандырудың қызығына кенелген жергілікті әкімдік, мамандардың дабылына құлақ асар емес», - деді Депутат.
Сондықтан, Үкімет кешенді жұмыс жоспарын әзірлеп, кесенені қалпына келтіруге қажетті қаражатты бөліп, жұмыстың орындалу барысын әр тоқсан сайын «AMANAT» фракциясының алдында баяндап, есеп берулерін сұрайтындығын жеткізді.
фото: aimak.com.kz