Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда депутаттарды қайта оқытуға 647 млн теңге бөлінеді. Мәжілісте депутаттарға бюджет есебінен біліктілік арттыру құқығын беретін заң жобасын қаралды.
Депутат Айгүл Нұркина Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке арнаған сөзінде, заң жобасы мен мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтетін нормалар енгізіліп жатқанын атап өтті.
"Елімізде мәслихат депутаттары бюджеттен бөлінетін ақшаға біліктілік арттырып, қайта оқи алады. Бұл мақсатқа 647 млн теңге бөлінеді. Десе де, заң жобасында осы норманың қалай іске асатыны айтылмаған. Бұл норма іс жүзінде қалай жүзеге асады?", - деп сұрады депутат палатаның жалпы отырысында.
Министр норма бойынша алғашқы екі жыл ішінде бес жылда бір рет оқуға болады деп жауап берді. Оқыту мемлекеттік басқару филиалдарында, 40 академиялық сағаттан өтеді деп жоспарланған.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Әсет Ерғалиевтің жауабына көңілі толмады.
"Дайындықтан өту және қайта даярлау дегеніміз не? Қайтадан диплом бересіңдер бе? 647 млн? Дайындықтан өту және қайта даярлау нормасын белгілеу, бұл нені білдіреді?", - деп сұрады ол.
Ерғалиев ақша біліктілікті арттыруға жұмсалатынын айтты.
"Үшінші рет сұрап тұрмын. "Дайындықтан өту және қайта даярлау" деген нені білдіреді?
"Біліктілікті арттыру" - бұл түсінікті жүйелі түрде қарау керек. Іс жүзінде не істеледі... Екі оқытушыны шақырып, біліктілігін арттырды деп санаудың қажеті жоқ. Сондықтан шартарды толығымен қайта жазып, "дайындықтан өту және қайта даярлау", дипломдар мен сертификаттар беру бойынша түсінікті жазуды сұраймыз", - деді Нығматуллин.
Мәжіліс бірінші оқылымда биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердің түзетілуін мақұлдады.
Тағы көру