Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Диагнозы өте ауыр”: Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтардың жағдайы әлі де күрделі екенін айтты
Жаңалықтар

“Диагнозы өте ауыр”: Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтардың жағдайы әлі де күрделі екенін айтты

29.04.2025
1 мин
0
221
Сурет: erbayan2024 Instagram-парақшасы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскери борышын өтеп жүрген кезінде комаға түскен Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында орын алған. Содан бері Ербаянға бірнеше операция жасалған.

- Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Оңалту және медициналық қызметтер қажет болғандықтан, кеше Ербаян Ұлттық медициналық орталыққа ауыстырылды. Ауруына байланысты қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Әкесі жанында, – деді министр үкімет отырысында.

Ақмарал Әлназарова сарбазға барлық қажетті шара қолданылғанымен, оның әлі де өздігінен жүріп кете алмағанын атап өтті.

- Диагнозы өте күрделі. Жарақаттан бөлек, инфекциялық асқыну да болды. Барлық тиісті ем жүргізілуде. Ол Түркияда да ем қабылдады. Қазіргі уақытта қосымша тексерулер жүргізіп жатырмыз. Ата-анасымен шетелде емделу мүмкіндігі жөнінде сөйлестік. Олар Қазақстанда емделуге шешім қабылдады. Ертерек қорытынды жасамай-ақ қояйық, бірақ барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанына сенімді бола аласыздар, – деді министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл