Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Димаш Құдайбергенге Аргентинадағы жанкүйерлері ерекше атақ берді
Жаңалықтар

Димаш Құдайбергенге Аргентинадағы жанкүйерлері ерекше атақ берді

09.12.2022
1 мин
2
1087

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасында тұратын жанкүйерлері Аргентинада ормандарды қалпына келтіру бойынша жобаны аяқтады. Патагония өңірінде 1 мың ағаш отырғызу акциясына әлемнің түкпір-түкпірінен фанаттар атсалысты, деп хабарлайды Dauletten.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Биылғы мамыр айында Dimash Latin Dears фан-клубы Аргентинаның Патагония өңіріндегі ормандарды қалпына келтіру үшін қаражат жинауды ұйымдастырған болатын. Бастапқыда қазақстандық әртістің жанкүйерлері 382 ағаш отырғызды. Алайда кейін екінші науқанды бастап, мақсатты 1 мың ағашқа дейін ұлғайтты.

Осылайша, Патагония аймағында 2000 жылға дейін өмір сүре алатын өте әдемі әрі үлкен қылқан жапырақты Чили араукариясының 1 мың көшеті отырғызылды.

Акция сәтті аяқталған соң Димаш Құдайбергеннің есіміне жазылған «Орман сақшысы» сертификаты берілді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Р
Руслан 10.12.2022
жарайсын Димаш
Жауап беру
М
Меруерт 10.12.2022
Керемет!!!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл