Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен "Мейкин Азия" IV халықаралық музыка фестивалінің салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағы табысталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Марапат Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес берілді. Сыйлықты Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов пен мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиев тапсырды.
Бұл марапат Димаштың екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және өнер арқылы халықаралық ынтымақты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін берілгені атап өтілді.