Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа құны — 5,29 теңге. Еуро — 538,01.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 537 — 543 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал елорда бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 — 5,27 аралығында саудаланып жатыр.
28 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 516,19 теңге болған.