Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
EdGiving Alumni NIS: Жасанды интеллект және білім берудің болашағы
Жаңалықтар

EdGiving Alumni NIS: Жасанды интеллект және білім берудің болашағы

25.12.2023
1 мин
0
614
Фото: nis.edu.kz

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрге айналған «Samgau» түлектер форумы жылды қорытындады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те тәжірибе мен біліммен бөлісу, кәсіби бағдар беру алаңында 300-ден астам түлектер мен оқушылар бас қосты. Форумды құттықтау сөзбен NIS директоры Гүлмира Мүнкеева ашып, түлектерге жылы лебізін білдірді және NIS-тің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін айта кетті. Оның ішінде PISA халықаралық емтиханы бойынша НЗМ суырылып алға шығып рейтингтің жоғары сатысына көтерілгенін мақтанышмен жеткізді.

Жыл соңында өтіп жатқан айтулы шара «Жасанды интеллект және білім берудің болашағы» тақырыбы аясында өтуде. Панельдік сессиясында жасанды интеллект маңайында спикерлер мен залда жиналған түлектер мен оқушылар арасында дискуссия туындап, өзекті тақырыпты қызу талқылады. Сессияның қонағы, жасанды интеллектті қолдану бойынша эксперт маман Айдын Маутхан, тарих пәнінің мұғалімі Алтынгүл Кауменова, түлектер Бейбарс Жаксиманов, Абылай Султанбеков, 12-сынып оқушылары Аманғали Аружан, Қасен Жания жасанды интеллекттің академиялық адалдыққа тигізетін әсері,   пайдасы мен зияны туралы пікірлерін ортаға салды.

Форумның арнайы сессияларында түлектер өз тәжірибелеріне сүйене отырып Зияткерлік мектеп оқушыларының мамандықты таңдау, білімді жалғастыру бағытында туындайтын көптеген сауалдарына жауап берді. Еліміздің, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен қатар дипломға ие болып түрлі салада қызмет атқарып жүрген кешегі зияткерлер жылы тартымды атмосферада құнды ақпараттарымен бөлісті.

Форум зияткерлердің  түрлі ұрпақтары арасында  көпірді нығайтып басты міндетін орындады, болашақта ақпарат алмасу, студенттермен онлайн-кездесулер өткізуге бағытталған қауымдастыққа жаңа серпін берді..

«Оқуыңызды бітіргеннен кейін елге ораласыз ба?» деп залдан қойылған сұраққа:

- Мен өз Отанымның патриотымын. Егер менің дипломым Қазақстанда құнды болмаса да, мен қайтып оралып елді өркендетуге өз үлесімді қосамын. Бұл NIS Alumni-дің басты қағидасы, - деп мызғымастан жауап берді   Германияның Technical University-дің студенті Мәди Болат.

– Форумнан алған әсерлерім керемет! Бұл жоба ұрпақтар сабақтастығын нығайтумен қатар, болашақ оқушыларымызға бағдар бола алады. Мен жас буын өкілдеріне кеңес беріп, жоғарғы оқу орнына тапсыруда міндетті түрде ескеретін қажетті ақпараттарды айтуға қашанда дайынмын. Зияткерлік мектебіме ризашылығым шексіз. Осы қабырғада алған білімім университетке  түсуге және оқуға көп жеңілдігін берді, – деп ағынан жарылды Гонконг университетінің 4-ші курс студенті Кристина Хлопунова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл