Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Егер банк жабылып қалса, одан алған кредит кешіріле ме?
Қаржылық сауат

Егер банк жабылып қалса, одан алған кредит кешіріле ме?

15.11.2021
1 мин
8
12486

Кез келген адамды "банк таратылған жағдайда, одан алған несиенің тағдыры не болады" деген сұрақ мазалауы мүмкін. Кейбірі ай сайынғы қарызды төлеу жауапкершілігінен құтыламын деп ойласа, енді бірі кредитті өтеу міндет деп санайды. Sputnik Қазақстан осы сауалдың жауабын іздеп көрді.

Банк таратылса, кредит кешіріле ме

Қандай да бір себептермен екінші деңгейлі банк жабылып қалса, одан алған несие кешірілмейді. Клиент өз қарызын толығымен өтеуге міндетті.

"Қазақстан заңнамасында таратылатын банктердің қарыз алушыларын кредиттен немесе өзге де мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуға мүмкіндік беретін норма жоқ", - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Sputnik Қазақстан сауалына берген жауабында.

Егер банкке қарызы бар адам ай сайынғы кредитін төлемесе, онда дебиторлық берешек сот тәртібімен өндіріп алынады.

Кредит төлеуді кешіктірсе не болады

Банктер туралы заңға сәйкес, борышкерлер банк лицензиядан айырылған күннен бастап негізгі берешекті, сыйақы мен өсімпұлды өтеу бойынша міндеттемелерді бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес орындайды.

Егер банктің клиенті ай сайынғы төлемді тоқтатса, онда төлем мерзімі кешігіп, өсімпұл есептеледі. Банк таратылғанымен, кредит бойынша процент, айыппұлдар мен өсімпұлдар тоқтатылмайды.

Агенттік кредиттік міндеттемелерді орындамау қоса қарыз алушыға, кепілгерге және кепіл берушіге айтарлықтай қиындық келтіруі мүмкін екенін ескертті. Өйткені олар да қарыз алушы сияқты қаржы ұйымдарының алдында жауапты болады.

Жабылатын банктің кредиттерімен кім айналысады

Банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды. Уақытша әкімшілік бұрын берілген кредиттердің қайтарылуын бақылайды. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген соң, клиенттердің ақшаны қайтаруын бақылауды тарату комиссиясы жүзеге асырады.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан әрекет етеді. Оның құзыретіне кредиторлар тізімін жасау, мүлікті сату бойынша сауда-саттық ұйымдастыру, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу кіреді. Комиссия әр мәселе бойынша дербес шешім қабылдай алады.

Банк мәжбүрлеп таратылатын кезде кредиторлардың мүддесін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешім қабылдау үшін Кредиторлар комитеті құрылады. Оның негізгі өкілеттіктері – банк активтерін (мүлкін) өткізу жоспарын бекіту және тарату шығыстарының сметасын бекіту.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына сәйкес, жабылатын банктің барлық мәмілесін аяқтаумен тарату комиссиясы айналысады. Ол банктің кредиттік портфелін үшінші тарапқа, яғни басқа банкке, коллекторлық агенттікке немесе ипотекалық компанияға сату туралы шешім қабылдайды. Немесе лицензиядан айырылған банктің кредиттік портфелін басқаруды жалғастырады.

Сондай-ақ тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен келісіп, өсімпұлды есептен шығару туралы шешім қабылдай алады. Бұған қоса сыйақыны, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтата тұра алады.

Еске салсақ, Қазақстанда қазір тоғыз банк таратылу процесінде тұр.

Олар: Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan. Бұл банктердің лицензиялары кері қайтарып алынған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
W
World bank 29.09.2022
сәлем ханым мырза, біз дүниежүзілік банктенміз және бізде қызығушылық танытатын кез келген адамға және бүкіл әлем бойынша жылына 2% пайызбен деректерді беруге рұқсатымыз бар, қосымша ақпарат алу үшін біздің whatsapp сілтемелерімізді қараңыз. 500.000 /900.000/25.000.000 теңге, рубль, сом, юань, $, € +22956220497
Жауап беру
B
BANK 24.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
О
Олжас 21.12.2021
калаи жабуга болады соны туснбедм Кредит
Жауап беру
Г
Гүлжамал 19.11.2021
Астана банктен берешегім бар еді қай банкке отейді екенмін Астанадағы орталығы call центр алмай тұр.
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 16.11.2021
Соншама банк неменеге керек болды?. Тек әншейін ақша сапыру, 18 млн адамға соншама банктің бір тиынға қажеті жоқ еді. Каспий банк жарайды. Ең үздік банк
Жауап беру
17.11.2021
Каспийде онып турган жок халыкты суликтей сорып битти,басында комиссиясз деп халыкты сендирип алды енди акырындап комиссияларын косып жатыр,2022 жылдан бастап ар аударымга комиссия алады деп жатыр гой
Жауап беру
Б
Ботакөз 22.01.2022
Ия өте дұрыс айтасыз
Жауап беру
М
Муратбек 16.11.2021
Ордабаев
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл