Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдың қазанынан бастап 2026 жылдың наурызына дейін елімізде электр энергиясының айтарлықтай тапшылығы күтіледі. Бұл жөнінде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында жүйелік оператор электр энергиясы мен қуат бойынша алдын ала болжамдық теңгерімдер әзірлеген. Осы есептеулерге сәйкес, аталған мерзім аралығында елімізде электр қуаты мен энергиясында жетіспеушілік болуы мүмкін.
Болжамға сай, жүктеменің ең жоғарғы деңгейі 17,6 гигаватқа жетеді деп күтілуде. Алайда бұл уақытта қолда бар электр стансаларының өндірістік қуаты шамамен 16,7 гигават деңгейінде болмақ. Осылайша, қуат тапшылығы 0,9 гигават көлемінде болуы ықтимал.
Сонымен қатар, Айтжановтың айтуынша, ай сайынғы энергия тапшылығы 125 миллионнан 330 миллион киловатт/сағатқа дейін жетуі мүмкін. Жалпы күз-қыс маусымында тапшылық көлемі 1 миллиард киловатт/сағаттан асуы мүмкін екені айтылды.
Осы тапшылықты өтеу мақсатында Қазақстан көрші мемлекеттер – Ресей мен Өзбекстаннан электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр.