Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алған
Жаңалықтар

Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алған

29.01.2024
1 мин
0
665
Фото: sparklogic.ru

Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алды. Оған 103 диспетчері телефонмен нұсқама беріп тұрған, деп хабарлайды Dauletten.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыртуға бара жатқанда жедел жәрдем диспетчері «қоңырауды ұстап тұру» әдісі бойынша жүкті әйелдің жолдасына телефон арқылы нұсқау берді.

28 қаңтарға қараған түні Екібастұзда 103 пультіне шұғыл шақыру түсті. Жүктіліктің 41-ші аптасында болған 36 жастағы әйелдің толғағы басталған. Медициналық бригада жеделдіктің бірінші санаты бойынша мекенжайға жіберілді.

Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына тоғыз минуттан кейін келді. Ол сәтте бала дүниеге келіп үлгерген.

«Ер адам қорқынышқа бой алдырмай,  белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Дүниеге келген сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олардың екеуі де Екібастұздың перзентханасына жеткізілді», – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Өткен жылы 103 қызметкерлері 22 әйел адамды үйде босандырған. Ал 2024 жылдың басынан бастап дәрігерлер үйде босануға алты рет барды. Көп жағдайларда «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды.

«Біздің кез келген қызметкер диспетчер немесе фельдшер босануды қабылдай алады. Жыл сайын қызметкерлерді босану кезіндегі алгоритмдерге үйретеміз. Өткен жылы біздің 100-ге жуық қызметкер неонатология бойынша біліктілікті арттырудан өтті», – дейді Ольга Вербовая.

103 қызметінде облыс тұрғындарын босану мәселелеріне мұқият қарауға және мүмкіндігінше алдын ала медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Себебі, бұл нәресте туған кезде барлық қауіптерді азайтуға көмектеседі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл