Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгінде елімізде қаншама жанұя сәби сүю бақытына бөлене алмай жүр. Әрбір алтыншы жұп осы проблемаға душар. Осы мәселені шешуге тамшыдай болсын үлес қосу мақсатында 2022 жылы Ләйлә Сұлтанқызы «ECOMED» орталығымен бірлесіп, игі іс жасауды қолға алды.
Ләйлә Сұлтанқызы қоғамға жанашыр, адамзат игілігін ойлайтын демеушілерді тартып, «Тегін ЭКО» инстажобасын жүзеге асырды. Денсаулығына байланысты, талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік «Аңсаған сәби» квотасына іліне алмаған әйелдерге тағы бір мүмкіндік берілді. 500-ден астам келіп түскен хаттар ішінен бес келіншек таңдапалынып, ЭКО жасалды. Олардың төртеуі бірінші реттен жүкті болып, бесінші қызылордалық Айнұр есімді пациент үшінші реттен көтеріп, қазіргі таңда жүктіліктің жетінші айына аяқ басты. Жобаның әр сәті, әйелдердің басынан өткізген барлық оқиғасын жоба авторы Ләйлә Сұлтанқызы өз инстапарақшасында live форматта бөлісіп отырды.
Үмітін үкілеп, ата-ана атанғысы келетін жандардан мыңнан аса хат келуіне байланысты, бұл бағдарлама биыл үлкен тележоба болып тынысын кеңейтті. «Jibek joly» телеарнасының эфирінен «Ана болғым келеді» деген атаумен көрерменге алғашқы сандары жол тартты. Биылғы жылы 700-ден астам келіншектен өтініш түсіп, нәтижесінде еліміздің жетекші репродуктологы Салтанат Байқошқарова бастаған дәрігерлер тобы алты отбасылық жұпты таңдады. Осы уақытқа дейін олардың үшеуіне ЭКО жасалды, үш пациент талдама нәтижелерін күтуде.
Мемлекет үшін адами капитал өте маңызды. Бұл мәселелені шешу мақсатында мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. «Аңсаған сәби» мемлекеттік квотасына талдау нәтижелері сай келмеген отбасыларға ЭКО (ЭКҰ) әдісімен сәбилі болуға көмек көрсету мақсатында Ләйлә Сұлтанқызы «Mariyam» қайырымдылық қорын ашты.
Қазақстанда ЭКО жасату құны 650 мың теңгемен 2 миллион теңге аралығын құрайды. Адам капиталы – мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Осы құндылықтың жолында ЭКО жасатуға мұқтаж жұптарға әрқайсымыз қор арқылы көмек қолын соза аламыз.
Тағы көру