Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Жұрттың бәрі экономист емес”: Тоқаев салық реформасы туралы пікір білдірді
Жаңалықтар

“Жұрттың бәрі экономист емес”: Тоқаев салық реформасы туралы пікір білдірді

14.03.2025
1 мин
0
170

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты ойын ортаға салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Бірқатар маңызды мәселеге тоқталып өткім келеді, соның ішінде салық реформасына байланысты пікірімді айтайын. Салық жүйесі — мемлекеттің негізгі тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндеттерін толық орындай алмайды, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге аспайды. Бұл туралы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев те өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесі жөнінде орынды ойлар айтты. Халық үшін маңызды реформалардың мәнін түсіндіру өте қажет. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің белгілі бір қадамға не үшін барып жатқанын барлығы бірдей түсіне бермейді. Сондықтан реформаның маңызын қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу керек, – деді мемлекет басшысы.

Президент үкіметтің салық реформасы бойынша жаңа тәсілдерді ұсынғанын атап өтті.

- Жалпы алғанда, бұл шаралар дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Кәсіби мамандар да, қарапайым халық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігін түсініп отыр. Дегенмен, кей ұсыныстарға, оның ішінде қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер айтылып жатыр. Бірақ мұндай көзқарастар шынайы жағдайға сәйкес келе бермейді. Кей елдер түрлі себептерге байланысты әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алудан тартынады. Ал Қазақстан бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталған. Біз — әлеуметтік мемлекетпіз. Сондықтан білім беру мен денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл — біздің конституциялық міндетіміз. Дегенмен, шын мұқтаж жандарға ғана көмек көрсетілуі тиіс. Алаяқтық пен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға жол берілмейді. Осы орайда басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы қысқарады. Бұл — қажетті қадам екені анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны оңтайландыру жолдарын нақтылауы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл