Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұрынғы басшысы Қанат Шарлапаев “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
- 2025 жылғы 17 сәуірде жалғыз акционердің шешімімен Қ.Б. Шарлапаев “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесіне сайланды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Шарлапаев “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесіне мүше болып кірген болатын. Ал биылғы ақпанда ол Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылып, мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған. Сонымен қатар, Шарлапаев – Қазақстан регби федерациясының төрағасы.