Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілі төрағаға "Қазір қоғамда сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген пікір бар. Себебі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?" деп сұрақ қойды.
Ерлан Қошанов алаңдауға негіз жоқ екенін, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік араласпайтынын жеткізді.
"Халықтың алаңдауына негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр.
Біріншіден, қазіргі таңда экс-президент мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, кездесулері мен іс-шараларын, жол сапарларын жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып, өткізіп жатыр", - деді ол.