477.11
545.58
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде бензин мен коммуналдық тариф тағы қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтар

Елде бензин мен коммуналдық тариф тағы қымбаттауы мүмкін

14.07.2026
мин
0
76

Ұлттық банк инфляцияны тежеуге арналған жаңа ұсыныстарын жариялады. Оның ішінде жанар-жағармай мен коммуналдық тарифтерге қатысты өзгерістер де бар, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда жылдық инфляция тоғыз ай қатарынан баяулағанымен, мәселе әлі толық шешілген жоқ. 2026 жылдың маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің сөзінше, көрсеткіштің төмендеуі оң өзгеріс болғанымен, инфляцияның екі таңбалы деңгейде сақталуы жағдайдың толық тұрақтанбағанын көрсетеді.

Осыған байланысты Үкімет отырысында Ұлттық банк инфляцияны одан әрі төмендетуге бағытталған бірқатар ұсынысын жариялады.

Инфляцияны одан әрі төмендету үшін:

– коммуналдық қызметтер тарифін және жанар-жағармай бағасын көтеру бағдарламаларын байыппен іске асыру;

– бюджеттік консолидацияны нақты іске асыру, яғни республикалық бюджет дефициті мен Ұлттық қордан трансферттердің өсуіне жол бермеу;

– нарықты отандық тауарлармен толтырып, квазифискалдық ынталандыруды сапалы жүргізу қажет деп санаймыз, – деді Тимур Сүлейменов.

Бұл ұсыныстар әзірге жаңа шешім емес, инфляцияны төмендетуге бағытталған экономикалық тәсілдердің бірі ретінде айтылды. Ұлттық банктің пайымынша, нарықтағы бағаны әкімшілік жолмен ұзақ уақыт ұстап тұрудан гөрі, тарифтерді кезең-кезеңімен нарықтық деңгейге жақындату ұзақ мерзімде экономиканың тұрақтылығына ықпал етеді.

Алайда мұндай қадамның қарапайым тұрғындарға әсері де жоқ емес. Жанар-жағармай бағасының өсуі тасымал құнын арттырып, оның салдары азық-түлік пен түрлі қызметтердің бағасына әсер етуі мүмкін. Ал коммуналдық тарифтердің көтерілуі отбасы бюджетіне түсетін шығынды көбейтеді.

Еске салайық, коммуналдық тарифтердің өсуіне енгізілген мораторий 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталды. Содан бері өңірлерде қызмет ақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Сонымен қатар соңғы бір жыл ішінде елде бензин бағасы шамамен 15 пайызға қымбаттады. Егер ұсынылған саясат жалғасса, алдағы уақытта бұл бағыттағы өзгерістер халықтың күнделікті шығынына да ықпал етуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл