Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Электр самокат тепкен оқушыларға кім жауап береді?
Жаңалықтар

Электр самокат тепкен оқушыларға кім жауап береді?

26.05.2023
1 мин
0
437

Алматыда электр самокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналыстарына қатысты. Олар ата-аналарға электрсамокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚазАқпарат мәліметінше, кикшеринг компанияларының мәліметіне сәйкес, электр самокатты жалға алуға18 жасқа дейін шектеу қойылғанымен, оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргендерін жиі көруге болады.

«Кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк карталарының деректері қажет, ал балалардың карталары автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан, балалар ата-аналарының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланады, сөйтіп, электр скутерлерін жалға алуға қолжеткізеді»,- деп хабалады Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасынан.

Компания өкілдері, кәмелетке толмаған тұлғалар мінген электрсамокат жол-көлік апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылатынын атап өтті.

«Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға қосымшаларда тіркелу үшін банк карталарының деректерін беру және кәмелетке толмаған балалардың электр скутерлерде жүруіне жол берілмеуі тиіс»,- деп ескерті басқармадан.

Фото: fotosklad.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл