Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасына инвестиция салған шетелдіктерге 10 жылға виза берілуі мүмкін екенін айтты.
Министрдің сөзінше, әзірге заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
"Қазіргі таңда Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Серік Жұманғарин.
Жұманғарин алдымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар мен қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті әсер беретін инвестициялар ескерілетінін атап өтті.