Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 2 және 5 пайыздық мөлшермен кімдер үй ала алады
Жаңалықтар

Елімізде 2 және 5 пайыздық мөлшермен кімдер үй ала алады

09.09.2021
1 мин
4
1658

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтылған халыққа қолжетімді баспана 2 және 5 пайыздық мөлшермен беріледі. Бастапқы жарнасы - 10 пайыз. Бұл бұрыннан бар бағдарлама, яғни "Бақытты отбасы" мен "Нұрлы жер". Бұл бағдарламалар арқылы кімдердің баспаналы болатыны анықталды деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Осы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?", "Жұмыс процесі қалай жүретін болады?", "Азаматтар бума-бума қағаз жинап, жүгіріп кетпей ме" деген көпшіліктің көкейіндегі сауалға "Отбасы банкі" жауап берді.

"Биыл 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қазақстандықтарға жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозиттерге аударуға рұқсат беруді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара азаматтарымыздың қаражат жинау және оларды сауатты басқару әдетін ынталандырады. Осылайша, банк клиенттері қаражат жинау мерзімін екі есе қысқартып, қоныс тойын әлдеқайда ертерек тойлай алады. Ең маңыздысы, еліміздің жас азаматтары бұл мүмкіндікті барынша ұтымды пайдалана алады. Себебі олардың жасына байланысты әзірге бастапқы жарна көлеміне немесе тұрғын үйдің толық құнында жететін жинақ қаражаты жоқ. Бұған банктің статистикасы дәлел", - делінген банк жауабында.

Бұл қаржы "Отбасы банк" және өзге де екінші деңгейлі банктерге ипотекалық несие бойынша қарызды өтеуге, тұрғын үйді ипотекасыз, яғни толық төлем жасап сатып алуға, ипотекалық тұрғын үй займын алуға, ипотекалық тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна ретінде, жеке тұрғын үй құрылысына, сатып алу құқығымен жалға беру шарты бойынша қарыздарын өтеуге, емделуге жұмсалды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің басым бөлігін (46,1%) 36-45 жас аралығындағы азаматтар қолданса, 18,5 пайызын 26-35 жастағылар пайдаланды, ал 18-25 жас аралығындағы салымшылардың үлесі 0,2%. Енді тұрғын үй сатып алуға артық қаражаты жоқ азаматтар БЖЗҚ-ғы жинақтарының бір бөлігін "Отбасы банкіндегі" депозитке салып, болашақта пәтер алу үшін жинақтай алады.

"Біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін өтініш беру тәртібі қазіргідей, яғни enpf-otbasy.kz платформасы арқылы болады деп жоспарлануда. Қаражат салымшының БЖЗҚ шотынан "Отбасы банкіндегі" арнайы шотқа түскеннен кейін зейнетақы жинақтары банк клиентінің салымына аударылады. Оны іске асыру механизмі жылдың соңына дейін дайындалып, жүзеге асырылу үшін Отбасы банкіне тапсырылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта банк Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен құжаттарға қажетті түзетулердің қабылдануын күтіп отыр", - делінген хабарлама мәтінінде.

Айта кетейік, президент 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Оның әкімшісі ретінде тағайындалған "Отбасы банк" қаржы ұйымы "бір терезе" қағидасы бойынша, тұрғын үй кезегіндегі тұрғындарды есепке алу мен баспаналарды үлестіру міндетін алады.

Бірінші кезекте бұл мүлде жеке жылжымайтын мүлкі жоқ азаматтар. Әдетте, олар қазірдің өзінде баспана кезегінде тұрған немесе кезекке тұруға міндетті адамдар. Жаңа бағдарлама бойынша, отбасы табысы ескерілетін болады - ол неғұрлым төмен болса, несие мөлшерлемесі соғұрлым аз болады.

Несиенің ең төменгі мөлшерлемесі жылдық 2 пайызға тең. Ең жоғарғысы - жылдық 5%.

Кезекте тұрған азаматтардың барлығына бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10% тең болады.

"Тұрғын үй кезегінде тұрмайтын және табысы белгілі бір минимумнан жоғары болатын қазақстандықтар, сондай-ақ екінші және үшінші тұрғын үй сатып алғысы келетіндер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін және "Отбасы банкінің" нарықтық бағдарламаларын қолдана алады" делінген хабарламада. Біржолғы зейнетақы төлемдерін депозитке аударған тұрғындардың салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі стандартты болады - бұл жылдық 2%. Сондай-ақ оған жыл сайын 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы қосылып отырады (200 АЕК мөлшерінен аспайтын жылдық жинақ сомасы үшін). Нәтижесінде, мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып, депозиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетеді.

Отбасы банкінде салым бойынша қаражат жинаудың ең аз мерзімі - 3 жыл. Шотқа тұрғын үй құнының 50% -ын жинап алғаннан кейін, банк салымшылары қалған 50% -ға жылдық 3,5% -дан 5% -ға дейін несие ала алады. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі бойынша баспана алудың стандартты шарттары.

Сондай-ақ банк клиенттері депозитке зейнетақы төлемдерін жинақтай отырып, болашақта "Отбасы банкінің" барлық тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады.

Желілік маркетинг дегенде сіздің ойыңызға не келеді?
726 адам
Халықты алдау 0%
Опық жеу 0%
Босқа уақыт өткізу 0%
Жеңіл ақша табу 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
Б
Бахыт 15.09.2021
Салеметсизбе уй салыу ушын аз пайз бен кридитти калай аламыз пенсионный жок билетиндер болса айтып жиберсе 4 балам бар
Жауап беру
Г
Гулзат 10.09.2021
Сәлеметсіз бе!Мен көпбалалы анамын жұмыс істемеймін,үйім жоқ.Күйеуім шаруашылықен айналысады.Қалай үй алуға брлады?
Жауап беру
М
Марал 09.09.2021
4,балам бар уй жок уй калай аламыз
Жауап беру
А
Айғаным Исаханова 09.09.2021
Көпбалалы анаға қанша пайызбен үй береді екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл