518.21
590.09
6.3
Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 2000-ға жуық адам еңбекақысын ала алмай жүр
Жаңалықтар

Елімізде 2000-ға жуық адам еңбекақысын ала алмай жүр

22.10.2022
1 мин
1
1030

Елімізде 2 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Яғни дәл қазір 60 кәсіпорын 1821 қызметкеріне 1 миллиард 240 миллион теңге қарыз.


Тізім басында Абай облысы тұр. Өңірдегі компаниялардың жұмысшылары алдындағы берешегі 218 миллион 700 мың теңгені құрапты. Екінші орында –  Жетісу облысы. Қарыз көлемі 22 миллион 900 мың. Ал астаналық кәсіпкерлердің қарызы 19 миллион 300 мың теңгеге жетіп отыр.


Мұндай алаңдатарлық деректермен Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов бөлісті.


Оның айтуынша, ведомство өкілдері шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорынға тексеру жүргізген. Сөйтіп, көптеген заңбұзушылық анықтапты.


Мәселен, кейбір компаниялар қызметкерлері бір лауазымда бола тұра, шетелдік маманның жалақысын көбейтіп беріп отырған. Енді бірі кәсіби мамандығы бөлек өзге ел азаматына мүлде басқа қызмет ұсынып келген.


Әрі заңсыз жұмысқа тартыпты. Яғни заң талаптарын бұзып, еңбек нарығындағы кемсітушілікке жол берген екен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
П
Палсара 23.10.2022
Менде алалмай отырмын айлыгымды 1ай болды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
125
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл