| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар мемлекеттік құжатты рәсімдеу құны өзгереді. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуі себеп. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 4325 теңге болып белгіленеді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 3932 теңге болған. Осыған байланысты АЕК-ке тәуелді қызметтер мен алымдар шамамен 10 пайызға қымбаттайды.
Мәселен, ересектерге арналған шетелдік төлқұжат үшін 8 АЕК төлеу қажет болады, бұл – 34 600 теңге. Ал балаларға берілетін төлқұжат құны 4 АЕК, яғни 17 300 теңгені құрайды.
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап жеке куәлікке қатысты маңызды өзгеріс енгізіледі. Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолдану мерзімі аяқталып, жаңасына ауыстырғанда мемлекеттік баж төлемейді. Бұл туралы көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді.
Айта кету керек, қазіргі таңда жеке куәліктің мемлекеттік алымы 0,2 АЕК немесе 865 теңге. Ал 2026 жылдың басынан бастап туу туралы куәлік те Қазақстан азаматтарына тегін берілетін болады.