Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 500 мыңға жуық бала тегін лагерьге бара алады
Жаңалықтар

Елімізде 500 мыңға жуық бала тегін лагерьге бара алады

10.06.2021
1 мин
4
1941

Биыл балалардың жазғы демалысына қатысты лагерьлердің жұмысы жайлы Білім және ғылым министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Гүлназ Ташқарова айтты.

Оның айтуынша, елімізде 1-10 сынып аралығында білім алатын 3 млн 400 мыңнан астам оқушы бар. Олардың 76%-ті биыл жазғы лагерьлерге бара алады.

«Қазақстанда 12 мыңға жуық лагерь ашу жоспарланып жатыр. Десек те, қай лагерьдің іске қосылатынын жергілікті санитарлық дәрігерлер шешеді. Себебі жағдай әр өңірде әртүрлі. Мысалы, еліміздің «қызыл» аймаққа кірген өңірлерінде лагерьдің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Пандемияға байланысты жазғы лагерьлерге кіру үшін ПТР тест тапсыру міндетті. Қала сыртындағы лагерьлерге сондай талап қойылған, – дейді ол.

Балалардың ПТР тест өту ақысын ата-аналар төлейді. Ал Білім заңында бекітілген тоғыз санатқа кіретін балаларға жергілікті атқарушы органдар төлеуі тиіс.

«Аталмыш санатқа аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, экологиялық ахуалы ауыр жерлердегі балалар кіреді. Олар тіпті жазғы лагерьлерде тегін бара алады. Биыл елімізде жиыны 500 мыңға жуық бала тегін демалады деп жоспарлануда»,  – деді ол.

Бала саны Қазақстандағы өңірлерге байланысты есептеледі. Мектепке жақын жерден  ашылған лагерлердің саны 10 мыңнан асса, оның ішінде 143-і мемлекеттік лагерь. Сыртқы лагерлер – 235. Жалпы, әр лагерьдің бағасы оның қызметіне байланысты. Орташа баға 10 күнге 30 мыңнан 100 мыңға дейін барады. Ал тегін жазғы лагерьге egov сайты арқылы өтінім беруге болады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
М
Маншук 10.06.2021
Мен 4 балам бар ол туралы кай жактан билуге болады
Жауап беру
А
Азамат 11.06.2021
Осындай жаңалыкты жазғаннан соң кайда хабарласуғаболатыны туралы акпарат калдыру керек егер акпарат рас болса телефон намерді әле мекен жай туралы бундай жалған акпаратты салмаған жон деп ойлаймын
Жауап беру
А
Айгүл 10.06.2021
Мен 6 балам бар
Жауап беру
Ж
Жазира 10.06.2021
ПТР тест тапсырк өте қымбат балдарға тегін болу керек.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл