Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде алғаш рет әртістерге арналған оңалту орталығы ашылды
Жаңалықтар

Елімізде алғаш рет әртістерге арналған оңалту орталығы ашылды

27.12.2024
мин
0
302
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Астана Опера" театр саласында жаңа стандарттарды енгізуді жалғастыруда. Алғаш рет Қазақстанда театр жанынан әртістер мен техникалық ұжымның белсенді физикалық қозғалыстан және жарақаттардан кейін қалпына келуі үшін мамандандырылған көмек алатын оңалту кабинеті ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Игі бастаманың іске асуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қоры қолдау көрсетті.

Театр – әртістің жан-тәнімен берілуін талап ететін өнер. Әрбір спектакльді сахналау үшін бірнеше ай бойы дайындықтар қажет. Кейде олар белсенді физикалық жұмыстан кәсіби жарақаттар да алады. Осы уақытқа дейін Қазақстандық әртістер денсаулығына өзбетінше қарап немесе жалпы бейіндік емханаларға жүгінетін.

- Енді оңалту кабинеті ашылған соң, кәсіби көмек қолжетімді бола түспек. Кабинет бұлшықетті қалпына келтіруге, ауырсынуды басуға және түрлі ем-шаралар жасауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Дәл осы жерде әртістердің қалыпты жұмысына тезірек оралуы үшін оларға қалай көмектесуді білетін реабилитолог маманның кеңесін алуға болады. Оңалту кабинетінің ашылуы – театр өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі. Сахнада кәсіби өнерімен халықтың ықыласына бөленіп, сәтті өнер көрсетіп жүрген "Астана Опера" инновациялық бастама жасады. Мұндай қадам сахнадағы барлық өнерпаздың еңбегіне деген құрметті көрсетеді. Сондай-ақ сахнада әсерлі өнер көрсеткен әр әртістің артында қажырлы еңбек, денсаулық пен жанкештілік тұрғанын еске салады, - деп жазылған хабарламада.

Енді театр әртістері денсаулықтарын білікті маманға тапсырып, бар күш-жігерін басты мақсат – шығармашылыққа арнай алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл