Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде аурухана басшылары қол астындағылардан пара алғаны үшін ұсталды
Жаңалықтар

Елімізде аурухана басшылары қол астындағылардан пара алғаны үшін ұсталды

27.06.2021
1 мин
2
1268

Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшылары қол астындағылардан пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, оның екі орынбасары және екі медбике коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат беруді қамтамасыз еткені үшін қол астындағы 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеге жүйелі пара алғаны үшін әшкереленді", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Аурухананың осы учаскесіндегі жұмыс медицина қызметкерлеріне жалақысына үстемақы алуға мүмкіндік беретінін атап өтілді.

Пара сомасы әр қайсысынан 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған. Ал өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Агенттік мұндай факт тек біреу емес екенін мәлім етті.

"2021 жылы Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері анықталды, ол үстемеақы алу үшін ковидтік карталарға қол қойғаны үшін жоғары тұрған бастықтарға беру сылтауымен пара алу схемасын ұйымдастырды. Фельдшерлер 103 пультіне жалған қоңыраулар, науқастарға шығу туралы жалған есептер жазғаны анықталды.

Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, олардан қаражаттың бір бөлігі фельдшерге қолма-қол ақшамен берілді немесе банк картасына аударылды", – деді агенттік.

2020 жылы 7 өңірде медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары тарапынан медициналық жәрдемақыларды төлеу кезінде заңсыз іс-әрекеттер фактілері анықталды, онда залал сомасы 60 миллион теңгеден асты.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
.
... 27.06.2021
Тек Алматыда емес кой. Шыдап кириссе барлык қалада солай киреди гой жұмысқа. Даже Астанада. Инфекционныйга киру ушин қаншама адам акшамен кирди. Ещё танысын болса ғана киресин. Набор врачтар жай санитар болып кирди гой .
Жауап беру
А
Алма 27.06.2021
Тансық нәрсе емес ка бәрі пара ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл